Діндес бауырларын өз қайғысымен жалғыз қалдырмауды сұрады
Діндес бауырларын өз қайғысымен жалғыз қалдырмауды сұрады
9 жыл бұрын 3170

Малайзияның ислами даму департаменті өткен жұмада елдегі барлық мешітте айтылған уағыз кезінде аса өзекті мәселені қозғады, яғни, жамағаттан ВИЧ және СПИД індетін жұқтырған діндес бауырларын өз қайғысымен жалғыз қалдырмауды сұрады. «Біздің қоғамда ВИЧ және СПИД-пен сырқаттанатындарға жиіркене қарайтын әдет әлі жойылған жоқ. Олардың көбісі мұсылман емес әлеуметтік орталардан қолдау күтетіні турасында ақпарат тараған», - деп айтылған аталмыш департамент хабарламасында. Бұл жайында The Malay Mail ақпарат көзі хабар таратты. Мұсылман жетекшілері әлгіндей дертті жұқтырғандардан теріс айналудың исламға қайшы келетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ВИЧ және СПИД-пен сырқаттанатындардың отбасын құра алмайтынын біле тұра оларды өз қайғысымен жалғыз қалдыруға болмайтынын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат