|
Депутат мұсылмандарға тіл тигізгені үшін айыппұл төледі
|
Финляндия парламентінің депутаты Теуво Хаккарайнен әлеуметтік желіде мұсылмандарға жала жауып, тіл тигізгені үшін тексеріліп, жауапқа тартылды, дәлірегі, осы әрекеті үшін сот үкімімен 1160 еуро айыппұл салынды оған. Орталық Финляндияның уездік соты оған "ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айып тақты. Депутат Facebook-тегі өзінің парақшасында Ницца қаласында орын алған терактіге байланысты жазбасында: "мұсылмандардың барлығы террорист емес, бірақ, барлық террорист - мұсылман" деп, жала жапқан. Мұнымен шектелмей, Финляндиядағы барлық мұсылманды ел аумағынан қууға шақырған. Теуво Хаккарайнен соттың өзіне шығарылған үкімімен келіспей қайта арызданатынын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді