ДДСҰ: Дене белсенділігін қажет етпейтін өмір салты әлемдік экономикаға жыл сайын 27 миллиард доллар шығын келтіреді
ДДСҰ: Дене белсенділігін қажет етпейтін өмір салты әлемдік экономикаға жыл сайын 27 миллиард доллар шығын келтіреді
1 жыл бұрын 1428 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2020 және 2030 жылдар аралығында 500 миллион адам белсенді дене қимылын қажет етпейтін өмір сүру салтынан жүрек ауруы, семіздік, қант диабеті және басқа да жұқпалы емес аурулардан зардап шеккен. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда,  белсенді дене қимылын қажет етпейтін өмір салтының салдарынан, дәлірегі, денсаулықтың нашарлауынан әлемдік экономика шамамен 300 миллиард доллар немесе жыл сайын 27 миллиард доллар шығын көріп келеді. Әсіресе, белсенді дене қимылын қажет етпейтін өмір салтынан экономикасы дамыған елдер көп шығын көріп отырғанын айта кету керек – мұндай өмір салтынан пайда болатын ауруларды емдеуге кететін медициналық шығын 70%-ға жеткен. Бұл тараптағы Қазақстандағы көрсеткіштер де көңіл көншітпейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы статистикасы бойынша елімізде жыл сайын 110 078 адам жұқпалы емес аурулардан қайтыс болады. Семіздіктен - 21%, 18 жастан асқан ересектер арасында белсенді дене қимылын қажет етпейтін өмір салтын «ұстанатындар» саны - 28%, темекі тарту көрсеткіші - 24%, бір адамға шаққанда ішімдік тұтыну деңгейі – жылына 5 литрден айналады. ДДСҰ сараптамасы бойынша адам денсаулығы 4 факторға байланысты: тұқым қуалаушылық - 20%, әлеуметтік жағдай - 20%, денсаулық жағдайы - 10%, өмір сүру салты - 50%. Бұл факторлар адамның денсаулығы өз қолында екенін анық көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат