Дәрігерлер екпесі жоқ, өлімге әкелетін вирус туралы ескертті - оның белгілері қандай
Дәрігерлер екпесі жоқ, өлімге әкелетін вирус туралы ескертті - оның белгілері қандай
11 ай бұрын 883 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дәрігерлер метапневмовирустың (HMPV) жұқтырған адамды кейде өлімге әкелетін қатері жоғары екенін вирустар қатарында тұрғанын алға тартып отыр, ең кем дегенде бронхитке, пневмонияға ұрындырады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауруларды бақылау орталықтарының (CDC) мәліметі бойынша Америка Құрама Штаттарындағы реанимация бөлімшелерінде метапневмовирус (HMPV) жұқтырғандар көптеп тіркелуде. Көктемде инфекция деңгейі күрт өскен. Атылмыш вирустың белгілері тұмау және Covid-19 симптомдарын қамтиды: көкжөтел, мұрыннан судың тоқтамай ағуы, тамақ ауруы және қалтырау. HMPV вирусы адамға қол алысу, түшкіру немесе жұқтырған заттарға қол тигізу арқылы беріледі. Науқастың ауыр жағдайларда бронхит пен пневмонияға байланысты тыныс алуы қиындайды. Қазіргі уақытта вируспен күресетін нақты бір емдік шара немесе екпе жоқ. Питтсбург университетінің педиатры, дәрігер Жон Уилямстың айтуынша, HMPV - «сіз ешқашан естімеген» ең маңызды вирус.

0 пікір
Мұрағат