Cириялық босқындардың 5 пайызын дамыған елдер қабылдауы тиіс
Cириялық босқындардың 5 пайызын дамыған елдер қабылдауы тиіс
9 жыл бұрын 3966

2015 жылдың соңына дейін сириялық босқындардың кем дегенде 5 пайызын қабылдауы тиіс. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі сириялық босқындар мәселесіне қатысты жуырда өткен көмек көрсету агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 2011 жылдың науурыз айында тұтанған Сириядағы қарулы қақтығыстан осы уақытқа дейін шамамен 3,2 млн адам бас сауғалап, көрші елдерге ағылған болатын. Бұл өз кезегінде көршілес елдердің экономикасына елеулі салмақ салған еді. Осыған байланысты Иордания, Ливан және Түркия елдері ендігі жерде сириялық босқындарды қабылдамауы мүмкін. «Еуропа елдері жауапкершіліктің жүгін көтерісуі керек»,- деп мәлімдеді босқындар ісімен айналысатын Еуродақ кеңесінің өкілі Ана Фонтап. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттігі де дамыған елдерден 130 000 босқыннан қабылдауды талап етіп отыр. Көмек көрсететін өзге де агенттіктер мен бірлестіктер, атап айтқанда, Oxfam, Refugee Council, Save the Children және Amnesty International бай елдердің сириялық босқындардың ең құрығанда 5 пайызын қабылдау ұсынысына қолдау білдірді. Мәселен, Германия 30 000 босқынды қабылдап алуға дайын отыр. Ал Ұлыбритания 3 жылдың ішінде бар-жоғы 90 босқынды ғана қабылдаған екен. Норвегия 1500 босқынға сеік ашатындарын мәлімдеді. Франция – 500, Нидерланды – 250, Бельгия 150 босқынды қабылдауға дайын.

0 пікір
Мұрағат