БҰҰ босқындарға қаржыны қалай жинады?
БҰҰ босқындарға қаржыны қалай жинады?
9 жыл бұрын 3356

Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында құрылған әлемдегі аса ірі гуманитарлық ұйым – Бүкіл әлемдік азық-түлік бағдарламасы сириялық босқындарға көрсетілетін көмектің қайта жалғасын табатынын жария етті. Ливандағы, Түркиядағы, Иорданиядағы және Ирактағы, сондай-ақ, Мысырдағы сириялық босқындарға азық алуы үшін электрондық ваучер (карта) беріледі. Орташа есеппен алғанда бұл картаға 30 доллардан аударылады. Босқындар осы картадағы қаржыны қажетіне жарататынын айтты БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик. Сонымен қатар, ол үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 1-нен бастап сириялық босқындарға көрсетілетін көмек тоқтағаннан кейін әлеуметтік желі арқылы жылу  жиналғанын тілге тиек етті. Осы науқанның нәтижесінде 80 млн-нан аса доллар қаражат жиналғанын да жасырмады.

0 пікір
Мұрағат