Бүгінгі шараналардың ғұмыры қысқарады
Бүгінгі шараналардың ғұмыры қысқарады
2 жыл бұрын 1749 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде дүниеге келген шараналар ауыр металдармен, улы заттармен, зиянды қосындылармен, парникті газбен ластанған ауамен тыныстайтындықтан олардың ғұмыры едәуір қысқарады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде осындай тұжырымға келген State of Global Air халықаралық ұйымның зерттеу нәтиесіне жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бүгінгі нашар экологиялық ахуалдан олардың ғұмыр жасы 20 айға кемиді. Ал экологиялық ахуалы мүлдем сын көтермейтін аймақтарда бүгінгі шараналардың ғұмыры 3 жылға дейін қысқармақ. Осы орайда 2019 жылы ластанған ауаның әлем бойынша ерте өлім-жітімнің бес негізгі себептерінің бірі болғанын айта кетпекпіз – осындай себептен 7 млн-ға жуық адамның ғұмыры келте қайырылған. Бұл көрсеткіш темекі тартудан, безгек жұқпалы індетінен болатын өлім-жітім деңгейінен жоғары.

0 пікір
Мұрағат