Болат балқытудағы «төңкеріс»
Болат балқытудағы «төңкеріс»
3 жыл бұрын 1247 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Vincent West / Reuters

Шведтер әлемде алғаш болып экологиялық жағынан таза HYBRIT болатын құйды. Бұл жайында islam.kz  порталы Reuters ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған компания әлем бойынша атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының сегіз пайызын құрап отырған болат құю өнеркәсібін түбегейлі өзгертпек. HYBRIT-тің алғашқы клиенті – Volvo автокөлік компаниясы, әзірге сынама партиясын алып отыр, 2026 жылдың бас кезінен бастап коммерциялық мақсатта өндіріле бастайды. Болат балқытудың көміртексіз технологиясы 2020 жылы аталған елдің солтүстігінде орын тепкен Лулео қаласындағы зауытта сынақтан өткізіле бастаған еді. Кәдімгі болат өндірісі үшін көмір пайдаланылса, HYBRIT оны электрмен және «жасыл» сутегімен алмастырды. Атмосфераға көміртек қышқылын бөлу бойынша Швециядағы үлесі 10 пайызды, ал Финляндиядағы үлесі 7 пайызды құрайтын SSAB металлургия компанисының өкілдері бұл технологияның қолданысқа енуін өндірісте көмірден бас тартудың маңызды қадамы ретінде бағалап отыр. Бұдан бөлек, H2 Green Steel кәсіпорны да Швецияның солтүстігінде экологиялық жағынан таза болат құюды алдына мақсат етіп қойды, бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап жаңғыртпалы энергия көздерінен сутегін алумен айналысуды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат