Биылғы электронды қоқыс салмағы Ұлы Қытай қорғанынан ауыр тартпақ
Биылғы электронды қоқыс салмағы Ұлы Қытай қорғанынан ауыр тартпақ
3 жыл бұрын 1304 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Электронды және электрлі құралдар мен құрылғылардың қалдығын жоюмен айналысатын форум (WEEE) ғалымдарының есебінше, биыл әлем бойынша 57,4 миллион тонна осындай қоқыс тасталады екен. Яғни, Ұлы қытай қорғанының салмағынан әлдеқайда ауыр электронды қалдық қоқысқа тасталады. Бұл жайында islam.kz порталы  Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жыл сайын электронлы тауарлар саудасы 3%-ға өсіп отырады. Тұрақты түрде. Істен шыққандары жөндеуге келмесе, қоқысқа тасталады. Сарапшылардың болжамынша, 2030 жылға қарай электронды қоқыстың жыл сайынғы мөлшері әлем бойынша 74 млн тоннаға жетпек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, электронды қоқыс бойынша Ресей, АҚШ және Қытай көш бастап тұр. Аталған елдердің әрбіреуі 2019 жылы 100 килотннадан аса электронды қалдықты қоқысқа тастаған. Қоқысқа тасталған электронды құрылғылар мен тұрмыстық заттар, соның ішінде, компьютер, смартфон, теледидар, мұздатқыш, т.б. тек металдан ғана тұрмайды, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті заттарда, пластмассадан да тұратынын ескеру керек. Олардан, батарейкалардан бөлінетін сынап пен қорғасын және өзге де улы қоспалар адамның жүйке жүйесін тоздырып, психикалық ауруларға душар етеді. Құрсақтағы шарананың дамуына кері әсерін тигізеді. Ал хром мен марганец демікпе дертіне шалдықтырады. Бұл пробеламын шешудің жалғыз-ақ жолы бар: олардың өндірістен бастап, тұтынуға дейінгі және істен шыққаннан кейін жоюмен, өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға дейінгі өндірістік циклін қалыптастыру.

Қарай отырыңыз:

«Электронды қоқыс» (https://islam.kz/kk/news/arturli/elektrondy-qoqys-11640/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат