Бірқатар мемлекет тәліптерді сотқа бермек
Бірқатар мемлекет тәліптерді сотқа бермек
15 күн бұрын 1345 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германия, Австралия, Канада және Нидерланды әйелдерді кемсіткені үшін, дәлірегі, әйелдер құқығын, соның ішінде қоғамдық орындарда еркін жүру және білім алу құқығын шектегені үшін Ауғанстан билігіндегі тәліптер қозғалысының үстінен қарсы халықаралық сотқа шағым түсірмек. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта аталған елдер тәліптердің әйелдерге қатысты шешімін қайта қарастыруына белгілі бір мерзімге мұрсат береді. Егер тәліптер райынан қатпаса, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаагадағы халықаралық сотына жүгінеді. Атап айтқанда, аталған елдер тәліптер қозғалысын БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы конвенциясын (CEDAW) «өрескел және жүйелі түрде бұзды» деп айыптап отыр.

0 пікір
Мұрағат