Біреулерге арманға айналған жұмыс
Біреулерге арманға айналған жұмыс
5 жыл бұрын 2399 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Калифорния штатындағы аралда маяк "шырақшысы" немесе күтушісі дейсіз бе, қарауылы дейсіз бе, өз еркіңізде, біреулерге арманға айналған жұмысқа ваканция ашылды. Бұл жайында Travel and Leisure ақпарат көзі хабар таратты. Сан-Франциско қаласының маңында орын тепкен шағын аралда тек маяк емес, сонымен қатар, қонақ үй де бар. Бұрынғы маяк қызметкері шуы көп Үлкен жерге қоныс аударатын болғандықтан оның орнын басатын адам керек. Бұл жұмысқа тұрғысы келетіндер арасында ерлі-зайыптыларды таңдауға басымдық берілген. Оларға жылына 130 мың доллар жалақы тағайындалып отыр. Бұдан бөлек, тегін баспана мен азық-түлік қарастырылған. Біреулерге арманға айналған жұмыс дейтініміз, бұл аралда теледидар, сымсыз интернет жоқ... Маяк күтушісі, сондай-ақ, қонақ үйдің шаруашылығы мен бухгалтерлік есеп-қисабын жүргізеді әрі меймандарды аралға әкеліп, кері жеткізіп салумен айналысады. 

0 пікір
Мұрағат