Бір жылда көп әйел алуды насихаттаған 14 өзбекстандық жауапқа тартылды
Бір жылда көп әйел алуды насихаттаған 14 өзбекстандық жауапқа тартылды
1 ай бұрын 452 kaz.inform.kz Әлихан Асқар

KAZINFORM – Бір жыл ішінде көп әйел алуды насихаттаған және адамды жынысына байланысты кемсіткен 21 өзбекстандық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Азиз Абидовтың айтуынша, екі немесе одан да көп әйелімен бірге тұруды насихаттағаны үшін 14 адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 13 өзбекстандыққа айыппұл салынса, біреуі әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар қамтылып отырған кезеңде адамды жынысына байланысты кемсіткен 7 адамға жаза қолданылған. Атап айтқанда, олардың барлығына айыппұл салынды.

Еске салайық, аталған құқықбұзушылықтарды жасаған адамдарға қатысты қолданылатын тиісті баптар былтыр күзде Өзбекстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне енгізілген еді.

0 пікір
Мұрағат