|
Бір жыл ішінде Еуропаның бір елі 1 жарым млн келіге тарта тағамды қоқысқа тастаған
|
Өткен жылы Испания тұрғындары 1,339 миллион келі тағамды қоқысқа тастаған. Бұл жайында испандардың El País жаңалықтар қызметі хабар таратты. Өткен жылғы көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 8,9%-ға артқан. 2015 жылы аталған ел Біріккен Ұлттар Ұйымының тағам қалдықтарын 2030 жылға дейін екі есе азайту, яғни, ысырапшылдықты болдырмау міндеті қарастырылған тұрақты даму бағдарламасына қосылғанына қарамастан. Испанияның ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген дерекке қарағанда, тағам қалдықтары ең көп тасталатын жыл мезгілі - жаз. Ауа температурасының жоғары болуына байланысты тағамның бұзылу қатері артатын ыстық мезгілде бұл қалыпты құбылыс саналғанымен бұл бағыттағы көрсеткіш тым жоғары болып тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістанның фармацевтикалық секторы жыл сайын науқастар емделмей жатып 5 миллиард доллар жоғалтады
■
Иран режимінің өміршеңдігінің құпиясы айтылды
■
Бір ел бар әр 5 минут сайын обырдан азаматы өмірден озатын
■
Цифрлы ДНҚ қайтыс болған адамның тұлғалық болмысын сақтауға көмектеседі (видео)
■
Ашық жасанды зерденің болашақты қалай өзгертетіні айтылды