Бір ғана қор 1 жыл ішінде 930 мың адамды ауызсумен қамтамасыз еткен
Бір ғана қор 1 жыл ішінде 930 мың адамды ауызсумен қамтамасыз еткен
2 жыл бұрын 888 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түріктердің «дам құқығы мен бостандығы» (İHH) деп аталатын гуманитарлық қоры өткен жылы әлемнің 18 елінде 1861 су ұңғымасын бұрғылап, 930 мың адамды ауызсумен қамтамасыз еткен. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қордың келтірген дерегіне қарағанда, бүгінде әлемнің оннан бір бөлігі ауызсуға зар болып отыр. Лас су түрлі инфекциялық аурулар ошағына айналуда. Бұған қоса, жаһандық жылынуға байланысты өзен-көлдер суалып, биологиялық әралуандылықтың жойылуына алып келуде. Құрғақшылық пен аптап ыстық, судың ластануы су тапшылығын арттырып отыр. Түріктердің қоры 2021 жылы Ауғанстанда, Бенинде, Чадта, Ганада, Гвинеяда, Камерунде, Кенияда, Либерияда, Малиде, Нигерде, Нигерияда, Сьерра-Леонда, Сомалиде, Суданда, Танзанияда, Тогода, Угандада және Зимбабведегі ауызсуға зар тұрғындарды бұрғылау әдісімен сумен қамтамасыз еткен. 2000-ші жылдан бастап İHH өкілдері әлемнің 41 елінде су ұңғысы 11741-ге жеткен – 4 млн 882 мың адамды ауызсумен қамтамасыз еткен.

0 пікір
Мұрағат