|
Бір ғана Индонезия өзендерінің 82%-ы тұрмыстық қоқыстан ластанған
|
Индонезия аумағында ағып жатқан өзендердің 82%-ы тұрмыстық қоқыстан ластанған. Бұл жайында Antaranews ақпарат көзі хабар таратты. "Индонезиядағы 550-ден аса өзеннің 52-сі қатты ластанған. Соның ішінде Жакартадағы Шилибунг пен Батыс Йауадағы Шитарум өзендері бар",- деп дабыл қақты Жабайы табиғатты қорғаудың (WWF) бүкіл әлемдік қорының өкілі Ирбан Гунабан. Осылай дей келе ол аталмыш ел аумағында ағып жатқан өзендердің ел экономикасының күретамыры іспетті екенін алға тартты: өзен суы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте молынан пайдаланылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады