Бір ғана елде соңғы 3 жылда 1600-ден аса мешіт сүрілген
Бір ғана елде соңғы 3 жылда 1600-ден аса мешіт сүрілген
1 ай бұрын 1891 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы үш жыл ішінде Қытай аумағында мыңдаған мешіт сүрілген. Бұл жайында Австралияның стратегиялық зерттеулер институты мәлім етті. Сарапшылар спутниктен таспаға тартылып алынған фото-суреттерді талдай келе ұйғырлар шоғырланған Шыңжаң өлкесінде қанша мешіт қалғанын анықтауға тырысқан екен. Бұрын Қытай билігі аталған аймақта 24 мың мешіттің барын растаған еді. Алайда, айналдырған үш жылдың ішінде бұл өңірдегі мешіттер саны 15 мыңнан да кем болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы ағылшын тілінде хабар тарататын The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоса, тағы мыңдаған мешіт мұнаралары мен күмбезінен айырылған. Сүрілген мешіттердің орнына жол төселген, автокөлік қойылатын автотұраққа айналдырылған, т.б. нысандар салынған. Кейбір еңселі мешіттер сүріліп, олардың орнында шағын мешіттер бой көтерген. Соның ішінде Қашғардағы 1540 жылға тиесілі тарихи мешіт те бар.

image

Жасанды жер серігінен алынған мәлімет 

0 пікір
Мұрағат