Бес жылда криптовалюта жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10%-на жетеді
Бес жылда криптовалюта жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10%-на жетеді
1 ай бұрын 847 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Американың орталықтандырылған аса ірі криптовалюта биржасы – Coinbase өткізген тоқсандық баспасөз жинында аталмыш биржаның бас директоры Брайан Армстронг 2030 жылға таман әлемдік жалпы ішкі өнімнің 10%-ын цифрлы актив құрайтынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы beincrypto.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, қазіргі уақытта әлемдік ЖІӨ мөлшері 100 трлн доллардан асып жығылады. Ал Армстронгтың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай 10 трлн доллардан астам сома токенизацияланады немесе блокчейнге беріледі. «Coinbase» компаниясының бас директоры криптовалюталардың әдеттегі қаржы саласына (TradFi) қазіргі интеграциясы 2000-шы жылдардың бас кезідегі компаниялардың интернетке қалай бейімделгенін еске түсіретінін атап өтті. «Ончейн» ұғымы қалыптасады, оның айтуынша, қазіргі онлайн терминімен пара-пар. Криптовалюта қазіргі уақытта инвестициялық құралдан жаһандық сауданы қолдайтын іргелі инфрақұрылымға ауысуда. Биржа жетекшісі цифрлық активтердің экономикалық инновациялардың келесі дәуірінің қозғаушы күшіне айналатынын алға тартып отыр. Криптовалюамен сауда жасау, инвестиция құю секілді мәмілелер қатары артып келеді. Мұндай трансформациядан, тіпті, қаржы саласына қатысы жоқ мекемелер де қалыс қалмайтын болады. Соңғы кездері TradFi (Traditional Finance тіркесінің қысқартылған нұсқасы. Банк, қор биржасы, сақтандыру компаниясы, т.б. қаржы мекемелерін қамтитын дәстүрлі қаржы жүйесі – ред.) алпауыттары блокчейн тетігін тезірек, қауіпсіз және үнемді транзакциялар үшін белсенді түрде зерттеп келеді. Криптовалюталарды қабылдауда жетекші орынды жаһандық ЖІӨ-нің шамамен 30%-ын құрайтын АҚШ криптоиндустрияда көш бастайды. «Coinbase» компаниясының бас директорының айтуынша, басқа мемлекеттері АҚШ үлгісін ұстанып, криптовалюталарды қабылдауға мәжбүр болады. Мемлекеттер cryptocurrency саласы үшін cryptocurrency компаниялары мен жобаларының заңнамаға сәйкес дамуына және гүлденуіне мүмкіндік беретін нақты нормативтік база әзірлеуде.

0 пікір
Мұрағат