|
Белгілі әрі беделді христиан уағызшысы: "Енді бір отыз жылдан кейін христиандықтың күні батады"
|
Есімі елге белгілі әрі беделді православ уағызшысы, священник Дмитрий Смирнов эфир арқылы оқыс мәлімдеме жасады. «Союз» телеарнасының «Беседы с батюшкой» хабарында сұхбат берген христиан уағызшысы: "Бүкіл христиан әлемінің күні батуға таяу қалды. Ары кеткенде отыз жылдан кейін, бәлкім, бұл Ресейде елу жылға созылар, күллі христиан өркениеті жойылады. Христиандар ешқайда шықпайды, ат төбеліндей топпен сенделер, оларды қуғын-сүргінгі салар..." деп мәлімдеді. Ол бұған демографиялық ахуал себеп болатынын алға тартты. Оның айтуынша, кәрі құрлықта христиандардың туу көрсеткіші мұсылмандарға қарағанда мүлдем төмен. Айта кетейік, тек Дмитрий Смирнов қана емес, танымал православ священнигі Чаплин де осындай ойда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азия-Тынық мұхиты аймағының биоэнергетикасы 2035 жылға қарай әлемдік қуаттың 55% -ын қамтамасыз етеді
■
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орындағы жылдам дайындалатын кеспе нарығы мұсылман елінде
■
Христиандар отбасы құндылығына “ауыр” соққы берілгеніне алаңдап отыр
■
Бір еуропалық елдің өзінде мұсылмандар саны ширек ғасырда екі есеге өскен
■
Тағам ішіндегі жеуге жарамды микролазерлер тамақ өнеркәсібін түбегейлі өзгертуге қабілетті