Батыстың сән брендтері мұсылман коллекциясын неге жиі шығарады?
Батыстың сән брендтері мұсылман коллекциясын неге жиі шығарады?
3 жыл бұрын 1126 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Salaam Gateway компаниясының болжамы бойынша 2024 жылы исі мұсылманның киім-кешек пен аяқ киімге шығыны 311 млрд долларға жетпек. Мұсылман киім-кешегі мен аяқ киім нарығындағы айналым 2019 жылы 277 млрд долларды құраған болатын. Жұқпалы індет жайлағалы бері ислам әлеміндегі киім-кешек пен аксессуарларға кететін шығын 2,9%-ға ғана құлдыраған әрі бүгінде дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті. Бұл жайында islam.kz порталы өзбектердің “Курсив” порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлбетте, батыс сән брендтері жылдан жылға өсіп келе жатқан нарықтың бұл саласынан да пайда табуды көздейді, осыған байланысты шариғат талаптарына сай тігілген киім-кешек коллекциясын жиі ұсынатын болған. Мұсылман киім-кешегі мен аяқ киім нарығының келешегі зор. Бұл тенденцияға америкалық Donna Karan New York сән үйі алғашқы болып назар аударды. 2014 жылы Ramadan ұзын көйлектер мен жабық бешпенттерден тұратын алғашқы коллекциясы пайда болды. Екі жылдан соң италиялық Dolce & Gabbana бернді де шариғат талаптарына сай тігілген өз өнімдерін жұртшылықтың назарына ұсынды. Олар тек ұзын көйлектермен немесе жабық бешпенттермен шектеліп қалай, хижаб пен абайь коллекциясын ұсынды. Италиялық сән брендінің бұл қадамы өз кезегінде кезінде батыс әлемінде кәдімгідей дүрбелең тудырған болатын, тіпті, феминистер Dolce & Gabbana брендін «әйелдерді тұмшалап ұстауға идеологиялық тұрғыдан қолдау білдірді» деп айыптаған еді. Еесесіне бұл жанжалдың соңы Таяу шығыстағы нарықты италиялық брендтің игеруімен аяқталды. Яғни, сәтті тактика болды: әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып баратын мұсылман елінде, дәлірегі, Дубай қаласындағы жергілікті мұсылмандар абаймен қатар еуропалық киім үлгілерін таңдай алатын Mall off the Emirates ірі сауда орталығында Dolce & Gabbana дүкені ашылды. Осыдан кейін жауыннан кейінгі саңырауқұлақ секілді хижаб коллециясы мұсылман елдеріне бірінен кейін бірі келе бастады: Carolina Herrera, Oscar de la Renta, Tommy Hilfiger, Chanel, Gucci, т.б. Бұл тенденциядан кейін буркини дәуірі басталды - Uniqlo және Mango, а Marks & Spenser брендтері өз өнімдерін нарыққа шығара бастады. H&M бренді, тіпті, мұсылман қыз-келіншектер туралы ролик түсіріп, өз өнімдерін жарнамалаудың тың стратегиясын әзірледі. fashion-индустриясында шариғат талаптарына сай мейлінші қарапайым киім-кешек тігуге көшті. 2017 жылы Nike спорттық киім-кешек алыбы спортқа арналған хижабтарды нарыққа шығарып, бұл салада төңкеріс жасады десе де болады. Десе де бұған дейін де спорттық шариғи киімдер тігуге талпыныстың болғанынан айта кету керек: 2001 жылы Capsters голланд компаниясы жаттығу немесе жарыс кезінде адамның еркін қимылдауына мүмкіндік беретін, дизайнер Синди ван дер Бременнің жобасымен шариғи киімдер тіккен болатын. Осылайша capsters.com интернет-дүкені ашылды – фитнес үшін, суда жүзуге арналған, т.б. спорт түрлері бойынша шариғи киімдерді сатып алуға болатын. Араға он жыл салып, тағы бір ResportOn бренді пайда болды: тегі ирандық, француз-канадалық дизайнер Елхам Сейед Жауадтың жобасы Монреалда тхэквондо бойынша жарысқа бес мұсылман әйеліне қатысуға тыйым салынғаннан кейін қолға алынды – олардың хижабы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіні үшін жарыстан шеттетілген болатын. Елхам Сейед Жауад спорттық киім коллекциясы Цюрихтегі ФИФА-ның штаб-пәтерінде талқыға түскен еді - ол жарыс стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай тігілгендігін дәлелдеп, қорғап шықты. 2014 жылы ФИФА футболшы әйелдерге жасыл алаңға хижабпен шығуға ақыры рұқсатын берді. Осылайша мұсылман қыз-келіншектерге арналған спорттық киім-кешек нарығы қалыптасты: 2018 жылы Nike бренді спорттық хижабты жаппай шығаруға көшті, 2019 жылы аталмыш бренд шомылуға арналған Nike Victory Swim Collection киім үлгілерін жұрт назарына ұсынды. Сол жылы (2019 ж.) Nike хижабы Lyst платформасының рейтингісі бойынша әлемдегі ең танымал он киім үлгілерінің біріне айналды.

0 пікір
Мұрағат