|
Батыс еліндегі ұл баланы сүндеттуе бағасы кениялықтардың жағасын ұстатты
|
Facebook әлеуметтік желісінде Joyceknursecanada аккаунт пайдаланушысы Канададағы ата-аналардан баласын сүндеттеу процедцурасы үшін 5000 долларға дейін ақы сұрайтынын жазыпты. Сол сол екен, кениялық интернет пайдаланушылары оның бұл жазбасына бей-жай қарамай, бірі таңданысын білдірсе, енді бірі күмәнмен қараған. Бұл жайында islam.kz порталы Тuко ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылман елдерінде сүндеттеу қалыпты процедура болғандықтан әлемжелі пайдаланушылары үшін батыс еліндегі мұндай ақы мөлшері көңілге қонбайтын баға екенін алға тартқан. Мұсылман мигранттар қарасы әжептәуір Канадада баласын сүндеттеуге шамасы келе бермейтіні анық. Өз еліне келіп сүндеттеу үшін барып-келу шығыны жолға кететін шығынмен шамалас. Оның үстіне, кейбір заңсыз шекара асып келген мигранттардың құжаты да түгел емес. Тек қаржылық жағы ғана емес, сонымен қатар, мәдени айырмашылыққа байланысты сүндеттеу батыс елдерінде міндетті процедура саналмайды. Тек медициналық себептермен болмаса. Құрбы-құрдастары тарапынан сүндеттелмеген баланы шеттету немесе кемсіту болмайды. Канадада медициналық сақтандыру қаражатымен өтелмейтін процедуралар үшін алынатын ақы мөлшері тым жоғары.
