Барак Обама АҚШ заңынан «негр» деген сөзді алып тастады
Барак Обама АҚШ заңынан «негр» деген сөзді алып тастады
8 жыл бұрын 3023 tengrinews.kz

АҚШ президенті Барак Обама федералды заңнамадан «негр» (negro) және «Шығыс тумасы» (oriental) ұғымдарын білдіретін сөздер алынып тасталған заң жобасына қол қойды. 

Заң жобасын Нью-Йорк штатынан сайланған конгрессмен-депутат Грейс Менг ханым ұсынған. Құжаттың мақсаты «азшылықты білдіретін терминологияны жаңғырту» болып табылады. Ол 1970-ші жылдардың соңында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заңдарда кездесетін ұғымдарды алмастыруды, оларды саяси жағынан білікті етіп жасауды көздейді.

«Қазір «Шығыс тумасы» деген термин федералды заңнамада жоқ, ақыр соңында бұл адамды қорлайтын және әбден іскірген ұғым, сондықтан одан бас тартуға тиіспіз», — деп түсіндірді өзінің ойын конгрессмен. Менг бұған өзін жақсы түсінгені үшін президентке разы екенін айтып, оған алғыс сезімін білдірді.

0 пікір
Мұрағат