Баласына Пайғамбарымыздың атын қойған отбасыларына 100 мың рублден беріледі
Баласына Пайғамбарымыздың атын қойған отбасыларына 100 мың рублден беріледі
3 жыл бұрын 8956 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ахмет қажы Қадыров атындағы аймақтық, қоғамдық қоры бүгін, яғни, қазан айының 28-нен 29-на қараған түні туған ер балаларға Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын), сондай-ақ, Адамзаттың асыл тәжінің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) отбасы мүшелерінің және саңлық сахабалардың мүбәрак есімін қойған отбасыларға 100 мың рублден төлейді. Бұл ерекше акция Екі әлем сәруарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туған күнінің құрметіне орай ұйымдастырылып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын ТАСС ақпарат көзіне сұхбат берген Шешенстан басшысының көмекшісі әрі аймақтың ақпарат және баспа министрі Ахмет Дудаев жеткізді. Сондай-ақ, ол бұл акцияның Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туған күн құрметіне жыл сайын өткізілетінін тілге тиек етті. 

0 пікір
Мұрағат