БАӘ шетелдіктердің тағы бір санатына «алтын визасын» береді
|
Дубай билігі «алтын» резиденттік визаның жаңа түрін енгізетінін хабарлады - бұл жолы көрнекті мұғалімдер Біріккен Араб Әмірліктерінде ұзақ мерзімді тұру құқығына ие болады. Бұл жайында islam.kz порталы Time Out Dubai ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ережені Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрінің орынбасары және қорғаныс министрі, атқарушы кеңестің төрағасы және Дубайдың тақ мұрагер ханзадасы, мәртебелі шейх Хамдан бен Мұхаммед әл Мактумның өзі жариялады. Бұл виза өз ісінде жоғары нәтиже көрсеткен және жеке білім беру секторының дамуына елеулі үлес қосқан мұғалімдерге беріледі. Дубайдағы жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің, орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдері 10 жылдық виза алуға өтініш бере алады және олар білім және адами даму басқармасына хабарласуы керек.