Азияда адамдар бұрын-соңды естіп көрмеген минерал кеніші ашылды
Азияда адамдар бұрын-соңды естіп көрмеген минерал кеніші ашылды
1 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Корей геология ғылымдары және минералдық ресурстар институты Йондонг қаласында 104,5 миллион тонна иллит - мұнай өндіру, аккумулятор батареяларын зерттеу, фармацевтика және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын саз минералы бар екенін растады. Бұл жайында islam.kz порталы zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Басқа белгілі бірде-бір кен орны қоры бойынша Таңғы шық еліндегі кенішпен салыстыруға келмейді. Қытайдағы ірі қорлар ары кетсе шамамен 5 миллион тоннаны құрайды. Йондонгтың көрсеткіші бұл мөлшерден 20 есе артық. Бұл минерал туралы адамдардың көпшілігі ешқашан естімеген. Иллит геологиялық жағынан сирек кездесетін материал емес. Ол шөгінді жыныстарда - құмда, алевритте, сланецте пайда болады және барлық құрлықта кездеседі. Оның коммерциялық маңызы, яғни, нақты пайдасы - бір материалдың бойынан бірге табыла бермейтін қасиеттердің өзара үйлесуімен байланысты немесе ұштасуында жатыр. Ол слуда (слюда минералы) тектес филлосиликаттар тобына жатады және оның бөлшектерінің көлемі екі микрон кем түседі. Мұндай жұқа, пластиналы геометрия ерекше жұмсақ текстураны қалыптастырады,  Целсия бойынша  600 градус температураға дейінгі қызуға төзімділік танытады және ауыр металдарды сіңіру мен органикалық қосылыстарды ыдырату қабілетін немесе қасиетін жоғарылатады. Суланған кезде ісінетін, сол арқылы өңдеуді қиындататын өзге балшықтардан айырмашылығы - иллит өлшемдік тұрақтылығын сақтайды. Бұл қасиеттер өнеркәсіптің көптеген салаларына есік ашады. Ол мұнай және газ ұңғымаларының құлауын болдырмайтын бұрғылау ерітінділерінде, қағаз бен бояуларға арналған толтырғыштарда, сондай-ақ, бөлшектердің мөлшері және терімен үйлесімділігі маңызды косметикалық және фармацевтикалық өнімдерде пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат