Азия елінде әскери әйелдерге хижаб рұқсат етілді
Азия елінде әскери әйелдерге хижаб рұқсат етілді
16 күн бұрын 835 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бангладеш қарулы күштер сапындағы әйелдерге әскери киіммен бірге шариғат шәлісін тағып жүруге ресми рұқсат берілді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Times of Karachi ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хижабқа салынған тыйымның күшін жою туралы шешім қыркүйек айында қабылданды және бұл бағыттағы саясат қарулы күштер сапындағы әкери шеніндегі әйелдерге, сарбаздарға және медициналық қызметкерлерге киім үлгісіне сәйкес оранып жүріп жүруге мүмкіндік береді. Осы орайда аталған азиялық елде мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құзырлы орындар мен қорғаныс саласында әскери әйелдерге хижаб кию мәселесі қоғамда үлкен талас-тартыс тудырып келгенін айта кетпекпіз. Мұндай шешім өз кезегінде мемлекеттің саяси жігерін талап етті. Бір жағынан, мұндай шешім әйелдерді әскер қатарына тартуға көмектесетін болады.

0 пікір
Мұрағат