|
Азия елі бір фильмнің негізінде мұғалімдерді қорғайтын мемлекеттік агенттік құруы мүмкін
|
Корей киноиндустриясымен теңесетін индустрия жоққа тән. Тіпті, әлемге әйгілі Голлуивудтың өзі тоқырауға ұшырап, корей дорамаларының тасасында шаң қауып қалды. Бұл жайында islam.kz порталы Korea Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Netflix секілді алыптың өзі корей киноиндустриясына млрд-таған доллар инвестиция салғаны осы сөзімізге жарқын мысал бола алады. Таңғы шық елінің жұмсақ күшінің елеулі тармағына айналған корей дорамаларының танымалдылығының бір сыры - капиталистік моделдің, қазіргі даму институттары мен қоғамдық формацияның, кейде демократиялық құндылықтардың уақыт талабына жауап бере алмайтынлығын ашып көрсетуінде жатыр. Сондай фильмдердің біріне таяуда түсірілген «Teach You a Lesson» (Шынайы білім беру/Сабақ (ғибарт) болсын) сериалын жатқызуға болады. Интернетте жарияланғанына көп уақыт қоймаса да әлемге танылып, көрермендердің көңілін жаулаған сериалдың көтерген әлеуметтік жүгі тым ауыр. Осы фильмнің негізінде (кейіпкерлері мен оқиға желісі ойдан шыңғарылса да бүгінгі күннің білім беру саласындағы сорақылықты ашып көрсетеді - ред.) Оңт. Кореяның билік тізгінін ұстаған демократиялық партиясымен байланысты саяси институт мұғалімдерді жала мен наладан, сотқа сүйреуден, қарша борайтын, қаралайтын арыз-шағымнан қорғайтын мемлекеттік орган құруды бастама етіп көтеріп отыр. Forbes агенттігінің мәліметінше, Netflix-тің ең танымал сериалы осы жылдың ең үздік фильмі санатына енгізіледі. Жаһандық киноиндустрияда сенсация болған бұл фильм Netflix рейтингісінде алғашқы ондық құрамына енді. Айналдырған үш күннің ішінде бұл сериалды 6,4 млн адам тамашалаған екен. Мектеп қабырғасындағы әлімжеттік пен небір қулық-сұмдықты, буллингті, аярлықты, қиянат пен әділетсіздікті майдан қыл суырғандай ашып көрсететін дорама тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, сонымен қатар, Үндістанда, Индонезияда, Малайзияда, Филиппинде, Сингапурде, Таиландта, Вьетнамда, сондай-ақ, әлемнің тағы 48 елінде алғашқы ондық құрамына еніп, көш бастады. Кәрістердің бұл телехикаясында оқушыларға қол көтеру былай тұрсын, дауыс көтеруге қақысы жоқ мұғалімдердің дәрменсіздігінен, оқушылардың өз құқығын асыра пайдаланып, арам мақсатта қолдануынан түрлі әділетсіздік пен қиянат көрерменді терең ойға қалдырады. Осындай келеңсіздікке қарсы тұру үшін білім беру министрлігі арнайы топ құрып, оқушылар тарапынан қысым көрген мұғалімдерді, буллингке ұшыраған оқушыларды, мұғалімнен әділетсіздік көрген оқушыны қорғап қана қоймай, білім беру жүйесіндегі олқылықтарды радикалды әдіспен жояды. Ал корей билігі бұл тарапта үш деңгейлі жүйені ұсынды: білім беру министрлігіндегі орталық кеңсе, өңірлік қолдау орталықтары және жергілікті топ. Агенттік тергеп-тексеру емес, көмекші және үйлестіруші орган ретінде әрекет етуі тиіс. Ол жәбір көрген мұғалімдерді қорғауды қамтамасыз етеді, жағдайларды жіктейді және оларды тиісті органдарға жібереді. Ал мектеп сыныптарындағы келеңсіздіктерден бастап, балаларға қатыгездікпен қарауды айыптауға дейінгі проблемаларды шешуге көмектесетін стандартталған жүйе енгізілетін болады. «Мұғалімдердің құқықтарын қорғау бюросы - ойдан шығарылған мекеме, бірақ, мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің басындағы қиындықтар, сабақтың өз деңгейінде өтпеуі, мұғалімді балағаттау, қорлау, қасақана шағымдар, жалған және жалаға толы хабарламалар шынайы өмірде бар проблемалар», - деп мәлімдеді Seoul Economic Dailyмерзімді басылымына сұхбат берген ғылыми қызметкер Ли Кён-а. Әрбірден соң мұғалімдерді қор,ау шарасы оқушылардың білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететінін алға тартып отыр.