Әзірбайжанда қылмыс жасаған адамдардың мүлкін тәркілеу процедурасы кеңейеді
Әзірбайжанда қылмыс жасаған адамдардың мүлкін тәркілеу процедурасы кеңейеді
5 ай бұрын 636 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжанда қылмысқа барғандардың дүние-мүлкін тәркілеу ісі кеңейтіледі. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің ұлттық мәжілісінің (парламент) отырысында талқыланып, бірінші оқылымында қабылданған қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес сырттай қылмыстық қудалау кезінде сот үкімі бойынша тергеуден қашып кеткен немесе Әзербайжан республикасының аумағынан тыс жерде соттың шақыруына құлақ аспай, қасақана жалтарған адамдардың кінәсі дәлелденсе, онда бұл адамдардың мүлкі, атап айтқанда бейбітшілік пен адамзатқа қарсы, сондай-ақ, мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы бағытталған терроризмге (немесе оны қаржыландыруға) байланысты қылмысқа барғандардың дүние-мүлкі тәркіленіп, жәбірленушілер мен мемлекетке келтірілген зиянның орнын толтыруға бағытталады.

0 пікір
Мұрағат