Азан синхрондалатын болады
Азан синхрондалатын болады
3 жыл бұрын 1731 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезия билігі мешіттерде азан шақыру тәртібіне өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Дәлірегі, аталған елдің мешіттер ісі жөніндегі кеңес ірі қалаларда азанды синхрондау (үйлестіру, бірдейлендіру) бастамасын көтеріп отыр. Бұл бастама қолдау тапса, алдымен Жакарта қаласынан бастауды ұйғарып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Jakarta Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ірі қалалардағы мешіттерден намаз уақыты кіргенде дауыс зорайтқышпен айтылатын азан бірінен кейін бірі қаланы азан-қазан шуға бөлейді. Әсіресе, арақашықтығы жақын мешіттер орын тепкен аудандарда. Осы қолайсыздықты ескерген билік осы заманғы технологияның көмегіне жүгінуді жөн көріп отыр. Яғни, халық тығыз орналасқан елдімекендерде намаз уақыты кіргенде тек бір-ақ рет азан шақырылатын болады. Осылайша бұл рәсімді уақыт айырмашылығы жоқ аймақтарда «орталықтандырмақ». Жакарта қаласында азан шақыруды Истиклиал мешітіне ғана жүктемек, өзге мешіттер оны тікелей транцляциялайды.

0 пікір
Мұрағат