Ауғанстанда ерлерге де, әйелдерге де қатысты тыйым пайда болды
Ауғанстанда ерлерге де, әйелдерге де қатысты тыйым пайда болды
17 минут бұрын 12 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауған билігіндегі тәліптер шариғат талаптарын қатаң сақтау үшін әйелдер мен ерлердің саябақтарға бөлек баруын міндеттейтін ереже қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы SG Chef сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жаңа ережеге сәйкес саябаққа әйелдер аптаның белгілі бір күндерінде, яғни, жексенбіде, дүйсенбіде ж»не сейсенбіде белгілі бір уақытта ғана бара алады. Бұл күндері ерлерге саябаққа баруға тыйым салынған. Есесіне, қалған күндері саябақта ерлер еркін серуендей алады. Тіпті, ерлі-зайыптыларға да бірге саябаққа баруға тыйым салынған. Бұдан бөлек, кез келген әйел – жасы келген кәртеміс әйел болсын, келіншек болсын, бойжеткен болсын, туристер жиі баратын орындарға міндетті түрде оранып баруы тиіс және танымайтын адаммен тілдесуге тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат