Атеистер сәлафшылардан қауіптенеді
Атеистер сәлафшылардан қауіптенеді
8 жыл бұрын 4916

Қытайдың Ганьсу провинциясына қарасты Линься қаласы бұл елде «кіші Мекке» аталып кеткен – тақия кигендер, шариғат шәлісін жамылғандар және азан шақыратын мешіт мұнаралары бұл елді-мекенде үйреншікті көрініске айналған. Неге десеңіз, аталмыш елді-мекен тұрғындарының денін, дәлірегі, 60 пайызын мұсылмандар құрайды. Бір қынжыларлығы, аталған шаһар тұрғындарының арасында сәлафшылардың қарасы көп. Бұл жайында «IslamNews» агенттігі «Los Angeles Times» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.  Қытай коммунистік режимдегі ел болғандықтан бұл алып мемлекетте атеизм қалыпты құбылыс саналады. Десе де қытайлық салафшылар саясатқа араласпайды және лаңкестермен байланысы жоқ, бірақ, ел билігі олардың ізін аңдып отырады. Елде қандай да бір жағымсыз жағдай орын алса, ең алдымен сәлафшылардан күдіктенеді. «Мен Қытайдағы мұсылмандарды зерттеп келе жатқаныма 30 жыл болыпты. Тек соңғы 4-5 жыл ішінде Қытайда титулды ұлыс болып табылатын хань жастары радикалды әрі консервативті бағытқа бет бұрып жатыр», - деді сәлафшылдықты қауіпті ағым санайтын Калифорния университетінің сарапшысы Дрю Глэдни. Сөз реті келгенде айта кетейік, Қытайда хуй ұлысының 10 млн-дай өкілі мұсылман, олардың этникалық ұйғыр мұсылмандардан бір айырмашылығы – діни еркіндікке ие.

0 пікір
Мұрағат