|
ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ОРАЗА ТҰТПАУЫНА РҰҚСАТ БЕРДІ
|
Сауд Арабиясының бас мүфтиі Әбдел Әзиз әл-Шейх ресми түрде Йеменмен шекараны күзетуші әскерилердің ораза ұстамауына рұқсат берді. «Оразаны шамасы келген адам ұстауы керек. Мүмкіншілігі жоқ адам ұстамауына болады. Сіздер шекараны қас қақпай күзетесіздер, тұтқиылдан келер жаулардан қорған боласыздар. Ол үшін дұрыс тамақтануларыңыз қажет» делінген мүфти мәлімдемесінде. Дегенмен, Саудия мүфтиі денсаулығы жарайтын барлық адам әлемнің қай түкпірінде, тәулігіне 22 сағат болса да ораза ұстауы керектігін атап өтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады