Ашынған алжирліктер... Ар-абыройына «қара дақ» түскен француздар...
Ашынған алжирліктер... Ар-абыройына «қара дақ» түскен француздар...
6 жыл бұрын 2701 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алжирліктер Франция билігінен Алжир жерінде өткізген ядролық сынақтардан зардап шеккендерге өтемақы мен қоршаған ортаға келтірген зиянның орнын толтыруды талап етіп отыр. Бұл жайында алжирлік министр Ат-Тайып Зейтүн мәлім етті. Тарқатып айтқанда, бұл арада Францияның 1966-1996 жылдар аралығында Алжир аумағында 210 ядролық сынақ өткізгені турасында болып отыр. Кезінде Францияның отары болған елдің 100 мыңнан аса азаматы ядролық сынақтардың зардабын тартып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Жак Ширак Франция президенті болып тұрған кезде ядролық Алжир жеріндегі ядролық сынақтарды тоқтатып, зардап шеккендерге өтемақы төлеу турасында мәселе көтерген еді. Франция билігінің мәліметінше ядролық сынақтардан 500-ге тарта адам ғана зардап шеккен. Қалғаны әскерилер. Ал Алжир билігі келтірген дерек мүлдем басқаша: ядролық сынақтардан 18 мың әскери зардап шеккен. Олардың дені бірнеше жылға созылған ядролық сынақтан опат болған. Франция билігі 2010 жылы ядролық сынақтардан зардап шеккендердің тек 20-на ғана өтемақы берген еді. Ал ресми мәлімет бойынша бүгінгі таңда ядролық сынақтардан аман қалған 3 мың адамның 35 пайызы обырмен ауырады.

0 пікір
Мұрағат