Аса ірі мұсылман елі алтын виза енгізейін деп жатыр
Аса ірі мұсылман елі алтын виза енгізейін деп жатыр
2 жыл бұрын 1179 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша мұсылмандар саны жағынан бірінші орында тұрған мұсылман елі – Инднезия билігі елге қалталы туристерді мейлінше көптеп тарту арқылы экономикасын көтеруді, дәлірегі, инвестиция тартуды көздеп, «алтын виза» режимін енгізбек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен осынау елдің туризм және креативті экономика министрі Сандиага Уноға жөн сілтеген Detik ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің сөзіне қарағанда, «алтын виза» жүйесі осы жаз мезгілінің аяғына дейін енгізіледі. Мұндай визаға ие болғандар Индонезия аумағында 10 жылға дейін емін-еркін жүріп-тұра алады. Алайда, мұндай визаға екінің бірі қол жеткізе алмайды. Қомақты қаражаты барлар ғана иелене алады. Қанша мөлшерде қаражат екені айтылмады. Сөз орайы келгенде бүгінде әлемде елуден астам алтын виза бағдарламасы барын айта кету керек. Бұл - инвестиция орнына азаматтық немесе тұруға рұқсат алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Еуропа одағы елдері жыл сайын осы бағдарлама бойынша орта есеппен бір миллионға жуық азаматтық береді. Өткен көктемде бірқатар елдер Ресей Федерациясы мен Беларус азаматтарына «алтын» төлқұжат беруді тоқтатқан болатын.

0 пікір
Мұрағат