Аса ірі мұнай экспорттайтын араб елінде тіршілік тоқтауы мүмкін
Аса ірі мұнай экспорттайтын араб елінде тіршілік тоқтауы мүмкін
2 жыл бұрын 12285 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі аптап ыстық жайлаған, дәлірегі, ең ыстық елде – Кувейт аумағы таяу болашақта тіршілік етуге жарамсыз күйге түседі. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы (2021 ж.) аталған араб еліндегі ауа температурасы Цельсия бойынша 50 градустан асып кетті. Кувейттің жабайы табиғаты жаһандық жылынудан зардап шегіп жатыр: сая немесе су таппаған құстар қырылып жатыр, мысықтар шөл мен жылу стресінен баудай түсуде, түлкілер өзге өңірлерге ауып кеткен немесе қалалы жердегі саябақтарды паналауда, т.б. Кувейт ОПЕК құрамындағы ел әрі әлемде мұнай шикізатын экспорттаудан төртінші орында тұрған ел. Бұдан бөлек, экономикасы толық мұнай шикізаты мен өнімдерінің экспортына басы бүтін тәуелді әлемдегі бірден-бір жалғыз ел. Елдегі атмосфераға бөлінетін ластаушы заттарды азайтуға Кувейт билігі асығар емес. Ал аймақтағы көршілес елдер, атап айтқанда, аса ірі мұнай қорына ие Саудия 2060 жылға дейін көміртектен ада мемлекетке айналуды алдына мақсат етіп қойған, Біріккен Араб Әмірлігі де 2050 жылы осындай межеге жетуді алдына мақсат етіп отыр. Аталған көрші араб елдері бұл мақсатқа жаңғыртпалы энергия көздерін кеңінен пайдалану, экономиканы әртараптандыру (диверсификация) арқылы жетуді көздейді. Өткен жылы Шотландияда өткен COP26 климат саммитінде Кувейт 2035 жылға қарай өз аумағында атмосфераға бөлінетін  парникті газдың мөлшерін 7,4 пайызға дейін азайтуға уәде беріп отыр, алайда, бұл көрсеткіш климат апатының алдын алуға қажетті деңгей үшін 45 пайыз жетпейді. Оксфорд университетінің ғылыми қызметкері Манал Шахабидің айтуынша, Кувейт жаһандық жылынуға жете көңіл бөлмей отрған әрі атмосфераны ластау деңгейі бойынша жан басына шаққанда жоғары елдер санатында. Аталған араб елінде көгілдір отын бағасы кока-кола тәтті сусынынан да арзан тұрады. Жаһандық жылынудан дәулеті шалқыған елдің тұрғындары көп зардап шекпейді, өйткені, ауыл шаруашылығы үшін жері онсыз да жарамсыз, сауда орталықтары, тұрғын үйлері, т.б. желдеткішпен жабдықталған. Желдеткішті пайдаланудың өзі атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін арттырады. Бұл өз кезегінде ауа температурасының көтерілуіне алып келеді. 

0 пікір
Мұрағат