Араб елінде суицид қылмыс санатына жатқызылды
Араб елінде суицид қылмыс санатына жатқызылды
2 жыл бұрын 1296 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иордания парламентінің төменгі палатасы суицидті қылмыс санатына жатқызды. Бұл жайында islam.kz порталы The Jordan Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай қоғамдық орындарда өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға айыппұл салынады немесе белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырылады. Дәлірегі, кем дегенде 100 иорданиялық динар мөлшерінде айыппұл салынады неесе ең аз дегенде бір жылға түрмеге қамалады. Аталған араб елі билігінің бұл шешімі қоғамды талас-тартыс тудырып отыр. Хұсейн Хозақ есімді әлеуметтанушы мұндай шараны асығыс қабылданған қауіпті шешім деп сынға алды. Оның айтуынша, суицид қылмыс емес, ауру. Ал иорданиялық психиатр Ренд Қошманның пікірінше, суицид үшін жаза қолданудан өз кезегінде өз-өзіне қол жұмсауды ойлаған адам заң алдындағы қорқыныштан қоғамның көмегіне арқа сүйеуден қалады. Өз-өзіне қол жұмсағысы келетін адамдар дүниеден баз кешкендіктен, торығып-түңілгендіктен жазалауды емес, қолдауды қажет етпек. Бүгінгі таңда суицид әлемнің 20 елінде қылмыс санатына жатқызылған. 

0 пікір
Мұрағат