Араб елі психологтар қызметіне мән бере бастады
Араб елі психологтар қызметіне мән бере бастады
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Психология гуманитарлы ғылымдар санатына кіргенімен ол денсаулық саласында маңызды рөл ойнайды. Осындай ерекшелігіне байланысты психология саласына қатысты заңнамалар әлемнің көптеген елінде талай жылға созылған талас-тартыстан соң қабылданып жатады. Мұндай үрдістен араб елдері де қалыс қала алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Психологиялық қызметке соңғы жылдары жете мән беріле бастады. Бұған урбанизация, түрлі әлеуметтік-экономикалық, технологиялық, мәдени өзгерістер, қоғам сұранысы, күйзеліс (депрессия) дертінің дендеуі, т.б. факторлар ықпал етіп отыр. Таяуда Марокконың өкілдер палатасындағы прогресс және социализм партиясының парламенттік тобы психолог мамандығын реттеуге бағытталған заң жобасын енгізді. Негізінде 2015 жылдан бері жиі көтеріліп келе жатқан бұл тараптағы бастама тиянақты шешімін тапқан емес. Заңнама клиникалық, әлеуметтік, білім беру және еңбек психологиясын, сондай-ақ, нейропсихологияны, криминалдық психологияны және психикалық денсаулықты қоса алғанда бірнеше саланы қамтиды. 24 баптан тұратын заң жобасы, атап айтқанда, ұлттық психологтар орденін құруды ұйғарады және іріктеу критерилерін, сондай-ақ, психологтерді даярлау стандарттарын белгілейді. Психологтың мәртебесін анықтаудан бастап, құқықтары мен міндеттерін реттеу шараларын, сонымен қатар, психолог пен дәрігердің арасындағы нақты айырмашылықты белгілейді. Пациентке рецепті тағайындау бойынша дәрігер мен психолог арасындағы айырмашылыққа баса назар аударылған. Айта кету керек, клиникалық психологтар емханада да, жекеменшік мекемелерде де психикалық ауытқуларды диагностикалаумен (диагноз қоюмен) айналысады. Ал әлеуметтік психологтар өз кезегінде психотерапияға көбірек көңіл бөледі. Марокконың денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Амин Техрауи бұл мәселені 2025 жылғы қазан айында парламентте көтеріп, мамандықты құрылымдау және кадр жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін құқықтыұ реттеудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Мароккода 100 000 тұрғынға 1,7 психиатр келеді, бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарынан айтарлықтай төмен. Психологтарға арналған нормативтік базаны қоса алғанда психикалық денсаулық жөніндегі ұлттық жол картасы 2030 жылға қарай түпкілікті бекітілетін болады.

0 пікір
Мұрағат