Араб елі неке қияр алдында күйеу жігіт пен қалыңдықты алдын ала медициналық тексеруден өткізетін бағдарламаны жүзеге асырады
Араб елі неке қияр алдында күйеу жігіт пен қалыңдықты  алдын ала медициналық тексеруден өткізетін бағдарламаны жүзеге асырады
23 күн бұрын 533 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың қаңтар айынан бастап генетикалық тестілеу процедурасы бүкіл ел бойынша некеге тұруды жоспарлаған Біріккен Араб Әмірлігінің барлық азаматы үшін үйлену алдындағы скринингтік бағдарламаның ажырамас бөлігіне айналады. Бұл жайында islam.kz порталы FAMILY AND KIDS ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Некеге тұрғанға дейін үйлену алдындағы медициналық тексеру ерлі-зайыптылар үшін де, азаматтар үшін де, экспаттар үшін де міндетті болғанымен, генетикалық тестілеу міндетті емес. Бұл профилактикалық шара өз кезегінде қоғам мүшелерін тұқым қуалайтын немесе туабітті түрлі аурудан қорғайды және ерлі-зайыптылардан ұрпағына берілуі мүмкін жалпы генетикалық мутациялардың тасымалдаушыларын анықтау үшін генетикалық тестілеуден өтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін аталған ел билігі генетикалық тестілеу процедурасы кардиомопатия, эпилепсия, жұлын бұлшық ет атрофиясы, есту қабілетін жоғалту, цисталық фиброз және «емдеуге қиын басқа да ауыр және созылмалы аурулар» сияқты тұқым қуалайтын ауруларды тудыруы мүмкін 840-тан астам генетикалық ауытқуларға байланысты 570-тен астам генетикалық мутацияларды анықтайтынын хабарлаған болатын. БАӘ үкіметінің ресми сайтының хабарлауынша, некеге дейінгі скрининг АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы), В және С гепатиті, мерез, қызамық сияқты жұқпалы ауруларға, сондай-ақ, бета-талассемия және орақ тәрізді жасушалық анемия сияқты генетикалық ауруларға қатысты тестілерді қамтиды. БАӘ геномика бағдарламасы 2019 жылы іске қосылды, ал 2021 жылы Шейх Халид бен Мұхаммед бен Зәйдтің басшылығымен Геномика кеңесі құрылды.

0 пікір
Мұрағат