Араб елі мұнайдан бас тартудың алғышартын жасады
Араб елі мұнайдан бас тартудың алғышартын жасады
8 күн бұрын 895 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock

Әлемдегі аса ірі мұнай шикізатын импорттайтын ел – Кувейт билігі мұнайға арқа сүйеген экономикасын аталған ресурстан құтқарудың алғашқы қадамын жасады. Дәлірегі, мұнай импортынан түскен қаражат негізінде жұмыс істейтін жергілікті тәуелсіз қорды ESG-активтері бойынша қайта құруды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арнайы орган басқаратын Kuwait Investment Authority (KIA) тәуелсіз қоры әлемдегі ең көне қорлардың біріне жатады әрі автивтерінің мөлшері бойынша үшінші орында тұрған қор – 700 млрд доллар. Бұл қаражаттың барлығы, жоғарыда атап өткеніміздей, мұнай шикізатын сатудан түскен табыстан тұрады. Осыны ескерген аталған араб елі қор жұмысын ESG принциптерімен (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару қағидасы) сәйкестендіруге бел байлап отыр. Аталмыш қорды реформалау туралы мәлімдемені таяуда KIA жетекшісі болып тағайындалған Ғанем Ғұнайман жасады. Оның айтуынша, қор жұмысы бүкіл әлем мойындаған ESG стандарттарының үддесінен шығуы тиіс. Осы реформа аясында KIA «климат өзгерісіне байланысты ұзақ мерзімді  қатерлерге бейімделген экономиканың түрлі салалары мен компанияларға» инвестиция құятын болады. Соның ішінде қор басшылығы саудиялық компаниялардың акцияларына назар аударады. Десе де аймақтағы көршілері Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігіне қарағанда Кувейт көміртектен ада (атмосфераға бөлінген ластаушы заттарды аулауды немесе азайтуды көздейтін) мемлекет атануды алдына мақсат етіп қойған емес. Сарапшылардың есебі бойынша 2025 жылға дейін ESG нарығының жалпы жиынтығы 50 трлн долларға жетпек. Бұл тарапта институционалды инвесторлардың, соның ішінде тәуелсіз қорлардың мүддесі шешуші мәнге ие болады.

0 пікір
Мұрағат