Араб елі криптовалютаны аударғанда және конверттегенде салынатын қосымша құн салығын алып тастады
|
Біріккен Араб Әмірлігінің федералды салық басқармасы криптовалютаны аударғанда және басқа валютаға айырбастағанда салынатын қосымша құн салығын алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Cointelegraph дерек көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. PwC консалтингтік компаниясы атап өткендей, жаңа ереже талаптарына сәйкес инвестициялық қорларды басқару, сондай-ақ, виртуалды активтерді беру және айырбастау сияқты қызметтер қосымша құн салығынан босатылады. Сарапшылар БАӘ-дегі виртуалды активтерді цифрлық түрде сатуға немесе түрлендіруге және инвестициялық мақсаттарда пайдалануға болатынын түсіндірді. Дегенмен, бұл анықтама фиат валюталарын немесе қаржылық бағалы қағаздарды қамтымайды. БАӘ билігі инвесторларға қойылатын талаптарды азайту арқылы елді криптовалюта орталығына айналдыруға талпынуда, деп хабарлады аудиторлық фирма