Әр бес секунд сайын бір бала көктей солады
Әр бес секунд сайын бір бала көктей солады
6 жыл бұрын 3648 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2017 жылы әлемде 6 млн 300 мың бала көктей солған. Олардың 5 млн 400 мыңы бес жасқа дейінгілер, ал олардың жартысы - бір жасқа толмаған нәрестелер. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ балаларды қорғау ұйымының баяндамасында айтылған. Өткен жылы бақилық болған балалардың дені Африка құрлығынан, оларды аман қалу үшін көп нәрсе керек емес еді: таза ауызсу, дәрі-дәрмек, екпе, электр. Аталмыш баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, балаларға тиісті жағдай жасалмаса, 2030 жылға дейін әлем бойынша бес жасқа дейінгі 56 млн бала көктей солады. 5 жасқа дейінгі балалардың дені туу кезінде шетінеп кетеді, пневмониядан, безгектен көктей солып, көрер жарығы таусылады. 5-15 жас аралығындағы балалардың көбісі түрлі жарақаттан, соның ішінде, жол-көлік апатынан көз жұмады екен. Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орналасқан елдерде 5 жасқа толмаған балалардың әрбір 13-шісі қыршынынан қиылады. Ал бұл көрсеткіш Еуропада 185 балаға шаққанда 1 баладан айналады екен. 

0 пікір
Мұрағат