АҚШ-та алғашқы шағын реактор мақұлданды: әр үйдің өз реакторы болуы мүмкін
АҚШ-та алғашқы шағын реактор мақұлданды: әр үйдің өз реакторы болуы мүмкін
2 жыл бұрын 3784 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та ядролық саланы реттеу комиссиясы елдегі алғашқы шағын модулді ядролық реактордың жобасын сертификаттады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ Энергетика министрлігі модулдік реактор жобасы атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін азайтуға көмектесетін жаңа таза энергия көзін қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді. Бұл - АҚШ-та пайдалануға рұқсат етілген жетінші ядролық реактор жобасы. Ал қалғандары дәстүрлі, үлкен және жеңіл су реакторларына арналған. Атом электр стансасын пайдалануды жоспарлап отырған шағын компаниялар да Орегон штатындағы NuScale Power компаниясының 50 МВт кеңейтілген жеңіл су шағын модулдік ядролық реакторы жобасын таңдай алады. NuScale маркетинг және коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Дайан Хьюз жобаның сертификатталуы таза энергия болашағына жасалған тарихи қадам және VOYGR электр станциясын тұтынушылар үшін пайдалануға дайын шешімге айналдыратынын айтты. Ол шағын модулдік реакторларды жобалауға арналған алғашқы қолданбалы пакетте 2 миллионнан астам тірек материалдары бар екенін жеткізді. Дегенмен, Огайо энергетикалық экономика және қаржылық талдау институтының қызметкері Дэвид Шлиссел аталмыш жобаның шығынына қатысты алаңдаушылық білдірді. Ядролық энергетиканың тарихын және NuScale жобасының қаржысын зерттеген ол реактор құнының өсуін күтеді, бұл жайт NuScale реакторларының салынған санын шектеуі мүмкін. Ол, сондай-ақ, бұл қондырғыны жаңғыртпалы қуат көздерімен және батареялармен салыстырғанда баға бойынша бәсекелесе алмайтынын баян етті.

VOYGR шағын реакторының құрылымы

0 пікір
Мұрағат