|
АҚШ әскери-әуе күштері XQ-67A жауынгерлік ұшқышсыз аппаратының алғашқы ұшу сәтін көрсетті (видео)
|
General Atomics компаниясы құрастырған XQ-67A Loyal Wingman ұшқышсыз ұшу аппараты алғаш рет 2024 жылдың ақпанында ұшты. Америка құрама штаттарының әскери-әуе күштері оның ұшқан сәтінің видеосын маусым айының 27-де ғана жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. XQ-67A аппараты XQ-58A Valkyrie дронының негізінде жасалған. Ол автономды барлау ұшағы ретінде басқарылатын, жауынгерлермен қатар жұмыс істеуге қабілетті, құны төмен ұшқышсыз ұшу аппаратын жасау жобасы ретінде алға шығады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады