Ақпараттық-коммуникация технологиясы экспортынан көш бастаған ел
Ақпараттық-коммуникация технологиясы экспортынан көш бастаған ел
2 жыл бұрын 4241 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

2021 жылдың қорытындасы бойынша Оңтүстік Корея ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша әлемде көш бастап, 227,6 млрд доллар табыс тапқан. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен (2020 ж.) салыстырғанда 24%-ға өскен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде таңғы шық елінің Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технология министрлігі келтірген мәліметке жөн сілтеген Yonhap News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Кореяның бұл тараптағы жетістігі әлем бойынша рекордтық деңгей болып табылады. Мұндай көрсеткішке осы уақытқа дейін бірде-бір ел жетпеген. Аталмыш министрліктік мәлімдеуінше, мұндай жетістікке жартылай өткізгішке, дисплейге және аккумуляторға сұраныстың артуы арқылы қол жеткізген. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, жартылай өткізгіштерің экспорты 28,4 пайызға, компьютер мен оның керек-жарағының экспорты 25%-ға, қалта телефонының экспорты 24,7%-ға артқан. Бір ғана Қытайға экспортталған мұндай технология мөлшері 23,8%-ға артып, 107,5 млрд доллар пайда көрген. Ал Вьетнамға - 18%-ға артып, 35,1 млрд доллар табыс тапқан, АҚШ-қа экспортталатын ақпараттық-коммуникациялық технология экспорты 26,6%-ға артып, 27,9 млрд пайда көрген. Ал корейлердің ақпараттық-коммуникациялық технология импорты 135 млрд долларды құраған өткен жылы. Бұл тараптағы сауда балансы 92,6 млрд доллар болды

0 пікір
Мұрағат