Алла орыс зейнеткерін қалай тура жолға салды?
Алла орыс зейнеткерін қалай тура жолға салды?
8 жыл бұрын 3934

Ставропол өлкесінің тұрғыны Вера Кошкарева ғұмырының көбін күйбең тірліктің соңында өткізгенін мойындайды. Құдай туралы ойлап, бас қатырды ма, ол жағы бізге беймәлім. Бір белгілісі, оның егде тартқанда исламды қабылдағаны. Алла оны тура жолға қалай салып еді? Ставропол өлкесінде ол Әлібековтер отбасымен талай жыл көрші тұрған еді. Алайда, Әлібековтер отбасы кейін отаны – Шешенстанға қоныс аударады. Вераның күйеуі қайтыс болады. Жалғыз қалған ол Әлібековтерге хабарласып, басындағы жағдайды айтып, көмек сұрайды. Грозный қаласына келген соң өзін мешітке ертіп апаруын сұрайды. Осылайша тілін кәлимаға келтіріп, тура жолға түседі. Есімін «Хеда» деп өзгертеді. Бұл жайында «Грозный ТВ» ақпарат көзі хабар таратты. Малика Әлібекова да үш баламен жесір қалады. Үш баланы асырап жеткізу үшін ол базарда консервіленген жемістерді сатады. Хеда оған қолғабыс етіп, үйі мен балаларына қарайды. Малика зейнеткерге апасындай қарайды. Ал Хеда осы өміріне Аллаға шүкіршілік етумен келеді.

0 пікір
Мұрағат