Әлемнің екінші экономикасы қазбалы отыннан әзірге бас тарта алмайды
Әлемнің екінші экономикасы қазбалы отыннан әзірге бас тарта алмайды
1 жыл бұрын 1065 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Dominik Vanyi / Unsplash

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бейжің қаласында өткен COP28 климаттық конференциясы қарсаңындағы форумда Қытайдың климат бойынша арнайы өкілі Си Шенхуа қазба отындарын (көмір, мұнай, сланец, табиғи газ және т.б.) пайдалануды толығымен доғару бастамасының орындалуы неғайбыл екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат реесурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, қазба отындары жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта жаңғыртпалы энергия көздері толық сенім тудырмайды және мұндай энергияны сақтау технологиялары әлі жетілмеген. Сол себепті, адамзат қазба отыннан әзірге бас тарта алмайды. Осындай уәждерін айтқан қытай өкілі Қытайдың жаһандық жылыну қарқынын қайтару бастамасына бір шартпен ғана қосыла алатынын атап өтті: климат дағдарысымен күресте әр елдің экономикалық жағдайы ескерілуі тиіс. Қазіргі уақытта көптеген елдерден жаһандық жылынумен күресу үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етуде. Бұған дейін БҰҰ жаһандық температураның көтерілуі Цельсия бойынша 1,5 градустан, яғни, қауіпті шегінен аспауы үшін осы он жылда атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін 20 мегатоннаға азайту қажеттілігі айтылған болатын. COP28-де елдердің көбісі көмір мен мұнайды пайдаланудан бас тарту жоспарын жариялауы мүмкін. Бұл бағыттағы алқалы жиын  Дубайда 2023 жылдың қараша айының 30-ы мен желтоқсанның 12-сі аралығында өтеді. Сөз орайы келгенде Қытай атмосфераға көмірқыш газын бөлуде көш бастап тұрғанын айта кету керек. Дегенмен, аталған ел электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесін 2022 жылдың соңындағы 49,6 пайыздан 2023 жылы 52 пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұған қол жеткізу үшін күн және жел электр стансаларының қуатын тиісінше 100 гигаватқа және 65 гигаватқа дейін арттыру жоспарланған болатын. Сонымен бірге, Қытай көмір және газ электр стансаларын көбейтіп, олардың қуатын 2022 жылғы 40 гигаваттпен салыстырғанда 70 гигаваттқа арттыруды көздеп отыр.

Ұқсас материалдар:

«Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-dagdarysty-terendetetin-tagy-bir-joba-paida-boldy-19045/#gsc.tab=0);

«Көмірді тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жеткен» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-tutynu-molsheri-rekordtyq-dengeige-jetken-18955/#gsc.tab=0);

«Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-paidalanudan-rekord-ornatqan-el-16470/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат