Әлемдік киноиндустрияда мұсылмандар жексұрын етіп көрсетілген – зерттеу
Әлемдік киноиндустрияда мұсылмандар жексұрын етіп көрсетілген – зерттеу
2 жыл бұрын 1221 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мұсылмандардың қарасы адамзат санына шаққанда 25%-ды құрайды; ислам – басқа наным-сенімдермен салыстырғанда әлемдегі жамағаты тез көбейіп келе жатқан дін. Алайда, мұсылман кейіпкерлер саны АҚШ, Британия, Австралия және Жаңа Зеландияда бар-жоғы 1%-дан аспайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде NPR дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Анненбергтегі Оңтүстік Калифорния университетінің әлеуметтанушылары мұндай тұжырымға осы аталған 4 елде көрсетілген 2018-2019 жылдарға арналған рейтингі жоғары 200 телехикаялар мен шоуларды зерттеп, сөйлейтін рөлдері бар 8885 кейіпкердің статистикасын құрастыру барысында келген. Мұсылман қаһарман кейіпкерлердің басым көпшілігі араб текті ер адамдар болды, алайда, шын мәнінде мұсылмандар этникалық жағынан әр алуан жамағат екені ескерілмеген. 98 мұсылман кейіпкердің 30%-ы – қаныпезер қаскүнем ретінде сомдалған, 40%-ы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Телехикая кейіпкерлерінің арасында мұсылман еркектер мен әйелдердің арақатынасы 174-тен 1-ге тең болды, ал теледидар думамына шыққан мұсылман әйелдерді «қорқып қалған, әлденеден қауіптенген» жан ретінде көрсеткен. Яғни, өз еркі өзінде емес, езілген, жаншылған жандар етіп көрсетуге тырысқан.

0 пікір
Мұрағат