Әлемдік халал экономикасы 7 трлн долларға жетті
Әлемдік халал экономикасы 7 трлн долларға жетті
2 жыл бұрын 989 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдік халал индустриясының табысы, дәлірегі, ғаламдық халал нарығының айналымы 7 трлн долларға жеткен. Бұл деректі қараша айының 25-28 күндері аралығында Стамбұл қаласында өткен Бүкіл әлемдік халалдың 7-ші саммитінде және Ислам ынтымақтастық ұйымының Halal Expo көрмесі аясында Түркияның вице-президенті Фуат Оқтай жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемнің 20-дан аса елінен 60-қа тарта спикерлер мен сарапшылар, 35 елден 400 компанияның, соның ішінде тағам өнеркәсібінің, тоқыма өнеркәсібінің, дәрі-дәрмек, опа-далап, тұрмыстық химия кәсіпорындарының өкілдері қатысқан, Ислами сауда-саттық даму орталығы (ICDT) мен Ислам елдерінің стандарттау және метрология институтының (SMIIC) ұйытқы болуымен өткен осынау алқалы жиында мынадай да мәлімет айтылып қалды: шариғат талаптарына сай келетін өнімдер мен қызметтерді ұсынуда, бір қызығы, мұсылман елдері емес, Бразилия, Австралия, Франция, Германия және Жаңа Зеландия секілді мұсылман емес елдер аса ірі ойыншылар алға шыққан. Ал халал индустриясы, сарапшылардың айтуынша, оңтүстік-шығыс Азияда,ы мұсылман елдерінде, атап айтқанда, Малайзия мен Индонезияда бастау алған.

0 пікір
Мұрағат