Әлемдік экономиканы кері тартатын негізгі үш фактор аталды
Әлемдік экономиканы кері тартатын негізгі үш фактор аталды
1 жыл бұрын 960 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Spencer Platt / Getty Images

Давоста өткен бүкіл әлемдік экономикалық форумда сарапшылар әлемдік экономикаға қатер төндіретін үш факторды бөле-жара атады: инфляция, макроэкономиканың тұрақсыздығы және геосаяси жанжал. Бұл жайында  islam.kz порталы Bloomberg әскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экономистер мен корпорация басшылары да биыл жаһандық рецессия қаупі төніп тұрғанын жоққа шығармайды. Компания жетекшілері мен менеджерлердің шамамен 73 пайызы жаһандық экономикалық өсу 2023 жылы бәсеңдейтінін алға тартып отыр. 40 пайызға жуығы олардың ұйымдары бизнес үлгісін өзгертпесе, он жылдан кейін экономикалық тұрғыдан тиімді болмайды, деп санайды. Ал сарапшылардың бір бөлігі басты қауіп – өмір сүру құнының өсуі деп санайды. Олар, сонымен қатар, инфляцияны, сауда соғысын, дамып келе жатқан нарықтардан капиталдың кетуін, әлеуметтік толқуларды, геосаяси текетіресті және ядролық соғыс қаупін әлем экономикасын артқа тартатын факторлар қатарына жатқызып отыр. Бұдан бөлек, ғаламдық қарыздың жоғары деңгейі де, инвестицияның төмендеуі де, климат өзгерісі де жаһандық экономиканы шатқаяқтатын жағдаяттар санатына енген.

0 пікір
Мұрағат