Әлемдік экожүйедегі маңызы зор аймақ апатқа ұшырауда
Әлемдік экожүйедегі маңызы зор аймақ апатқа ұшырауда
3 жыл бұрын 1982 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Аризона университетінің ғалымдары 2001 жылдан бері Амазония орманына келген зиянды бағалады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Амазония орманы толық оталса, салдары қандай болады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/amazoniya-ormany-tolyq-otalsa-saldary-qandai-bolady-15608/#gsc.tab=0) материалымызда аталған орманның адамзат пен экология үшін қаншалықты маңызды екенін әрі оның жойылуынан болатын залал-зардап туралы кеңінен жазғанбыз. Ғалымдар Амазонияның биологиялық әр алуандылығының картасын жасау үшін 14,5 мың өсімдік пен омыртқалылар туралы мәліметтерді ан-жақты сараптамадан өткізіп, зерделеген болатын. Бұдан бөлек, осыдан аттай 20 жыл бұрын жиналған деректерді де сүзгіден өткізді – орманды отау мен өрттен болған залалдың ауқымын анықтау үшін: 2001 жылдан бері өрттен 103,5 мың шаршы шақырымнан 190 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақ өрттен зардап шеккен. Бұл аралықтағы өрт жойылу алдында тұрған өсімдік түрлерінің 95%-ына мен жануар түрлерінің 85%-на залал келтірген. Бір ғана 2019 жылы өрттен 10,3 мың шаршы шақырым жанып кеткен. 2019 ылғы Амазониядағы өрт аталған аймақтағы ең ірі әрі биологиялық әр алуандылыққа орасан зор нұқсан келтірген өрт болды. Бүгінде күллі әлемдегі тропикалық орман-тоғайдың шамамен 40%-ы Амазонияда өседі. Аталған аймақ әлемдік экология жүйесінде аса маңызды рөл ойнайды – атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартудан бастап, жер климатын реттеуге дейін. Бұдан бөлек, Амазония әлем бойынша биологиялық әр алуандылығы ең бай өңір – әлемдегі түрлердің әрбір оныншысы осы Амазонияда тіршілік етеді. Ғалымдардың есебінше, 1960-шы жылдардан бастап Амазония орманы өрт пен отаудан шамамен 20%-нан айырылған. Алдын ала жасалған болам бойынша Аммазония орманының аумағы 2050 жылға қарай 21-40%-ы «жалаңаштанады». Жоғарыда аталған екі фактор бойынша.

Ұқсас материалдар:

«Жердегі ағаш түрлерінің үштен бірі жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/jerdegi-agash-turlerinin-ushten-biri-joiylu-aldynda-tur-15702/#gsc.tab=0);

«Амазония орманы толық оталса, салдары қандай болады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/amazoniya-ormany-tolyq-otalsa-saldary-qandai-bolady-15608/#gsc.tab=0);

«Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0); 

«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);

«17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0);

«Адамзат өзіне көр қазып жатыр» ( https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-ozine-kor-qazyp-jatyr-11822/#gsc.tab=0);

«Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kofenin-kesirinen-tropikalyq-orman-joiylu-aldynda-tur-15030/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі ең ірі орманды армия қорғайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-en-iri-ormandy-armiya-qorgaityn-boldy-15436/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат