Әлемдік байлықтың ат төбеліндей азшылық қолына шоғырлану деңгейі «шектен шығып барады» - БҰҰ
Әлемдік байлықтың ат төбеліндей азшылық қолына шоғырлану деңгейі «шектен шығып барады» - БҰҰ
2 жыл бұрын 966 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Теңсіздік, қоршаған ортаның бұзылуы және адамдардың дағдарыстарға осалдығы қазіргі жаһандық экономикалық жүйенің кемшіліктері емес, тән ерекшеліктеріне айналып барады. Бұлл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл тараптағы зерттеу деректеріне, дәлірегі, БҰҰ-ның «Теңсіздік дағдарысы» деп аталатын құжатта келтірілген мәліметтерге, дәлірегі, news.un.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай дерек Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлеуметтік даму жөніндегі зерттеу институтының (UNRISD) жаңа негізгі баяндамасында айтылған. Баяндама авторлары планетадағы теңсіздік пен дағдарыстардың түпкі себептерін ауқымды жүйелі өзгерістер арқылы ғана шешуге болатынына сенімді. Баяндамада: «Экономикалық және әлеуметтік теңсіздік – саяси теңсіздіктің қозғаушы күші» делінген. – Әлемдік элита азға пайда әкелетін және көптің есебінен өмір сүретін жүйені сақтау және жалғастыру үшін күш пен ықпалды өз қолына шоғырландыруды жалғастыруда. Бұл жүйе үнемі дағдарыстарды тудырады. Нәтижесінде бізде планетаның барлық тұрғындарының лайықты бейбіт өмірінің болашағына нұқсан келтіретін тұйық шеңбер пайда болды», деп айтылған. Дүние жүзіндегі ресурстың аздаған адамдардың қолында шоғырлануы бұрын-соңды болмаған мөлшерге жетті, ал жер бетінде кедейшіліктің төмендеуі баяулап, кейбір жерлерде, тіпті, кері кеткен. Бұған адамзат әлі толық құтылмаған жұқпалы індет пандемиясы да әсерін тигізіп, бұл үрдістерді күшейтіп, жаһандық экономикалық жүйенің күйзелістерге төтеп беру қабілетіне соққы берді. Бұдан бөлек, жаһандық жылыну салдарынан (құрғақшылық, өрт, тасқын-сел) әлемдегі әлеуметтік теңсіздік шырқау шегіне жетіп қалды – бай мен кедей арасындағы айырмашылық ұлғайып барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша пандемия салдарынан тағы 120 миллион адам тақыр кедейлердің қатарын толықтырған. Сонымен қатар, Credit Suisse зерттеу нәтижесі дәл осы кезеңде дәулеті шалқыған аса ауқатты адамдар қарасының 50 пайызға артқанын көрсетіп берді. Бұған қоса, энергия, азық-түлік, дәрі-дәрмек, т.б. адам өміріне аса қажетті тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы да шарықтап кеткен. «ХХ ғасырдағы қоғамның мемлекетпен жасырын әлеуметтік келісім-шартының іргесі жаһандану дәуірінде шайқалды.  Өйткені, көпшіліктің мүддесі мен қоршаған ортаға қатысты проблемалар ескерілмеді. Адамзат үшін де, экология үшін де адам құқығын сақтау, тұрақты әрі әділ даму секілді негізгі қағидаларды қамтитын жаңа келіім-шартты бекітудің уақыты келді»,- деп мәлімдеді бұл бағыттағы зерттеудің аға үйлестірушісі әрі аталмыш баяндама авторы Катя Худжо

0 пікір
Мұрағат